Оралда үш жігіт пен бір қыз көлікте көмірқышқыл газынан уланып қаза болды, - деп хабарлайды "Уральская неделя".
Батыс Қазақстан облысында Полиция департаменті бүгін, 8 қаңтарда сағат 10:30 шамасында тіршілік белгілері жоқ адамдар отырған көліктің табылғанын мәлімдеді.
Көлік "Сарытау" шағынауданында орналасқан жеке үйдің гаражында тұрған.
"8 қаңтарда сағат 10.30-да гараждағы көліктен 18 жастағы қыз бен үш жігіттің мәйіті табылды, олардың бірі 18, екеуі 16 жаста.
Оқиға орнында медицина қызметкерлері мен полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!