Оралда туысының тойына келген Түркия азаматы ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой ГОРОД" сайтына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, Түрік азаматы Атырауда заңсыз тұрып, жұмыс істеген. Батыс Қазақстан облысында 19-25 маусым аралығында "Нелегал" арнайы шарасы өткен. Үш күннің өзінде 159 заңбұзушылық анықталған. Оның ішінде, 85 шетелдік республика аймағында заңсыз жүрсе, 63 қазақстандық шетелдіктерді қабылдап, өз уақытында олар туралы құзырлы органдарға хабарламаған.
"Қазақстанның 63 азаматына қатысты көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік хаттамалар жасалды, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін 11 азаматқа айыппұл салынды. Қабылдағыш-дистрибьюторға облыс аумағында құжаттары жоқ 22 шетелдік орналастырылды. Сот шешімімен тоғыз шетелдік елден мәжбүрлеп шығарылды. Олардың тіркеу мерзімі өтіп кеткен", - деді облыстық полиция департаменті.
Сонымен қатар, тәртіп сақшылары Атырау облысында екі жылдан астам визасыз тұрып, құрылыс алаңдарында жұмыс істеген 48 жастағы Түркия азаматын анықтады. Ол бірнеше күн бұрын Оралға туысының үйлену тойына келгенде ұсталды. Оған қатысты әкімшілік хаттама жасалып, ел аумағынан шығару туралы сот шешімі шығарылды. Ресейдің тағы екі азаматы мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталды, олар да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!