- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Оралда тұрмыстық қалдықтарды...
Оралда тұрмыстық қалдықтарды сұрыптайтын кешен ашылды
Оралда қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптайтын кешен жұмысын бастады. Ол қаладан шығарылған көң-қоқыстарды төгетін орында орналасқан.
Арнайы алаңға жиналатын қоқыс автоматты түрде жұмыс істейтін екі конвейер желісіне жіберіледі. Сол жерде жұмысшылар заттарды сұрыптап, арнайы қаптамаларға салып тұрады. Осы арқылы қалдықтардың 60 пайызын қайта кәдеге жаратуға мүмкіндік туады. Кешен өндірістік қуатына толықтай көшкен кезде жылына 100 мың тоннадай қалдық сұрыпталмақ.
Бекболат Жұматаев, эколог: - Жерге орналастырылған қалдықтар, әрине, керісінше әсерін әкеледі. Өйткені мына полигондағы әйнектер өрт тудырады күннің сәулесімен. 2015 жылы полигонға 54 мың тоннадай қалдықтар қабылданды. Биыл 43 мың тонна қабылданды. Оны әкеліп тек полигонға көміліп жатыр.
Ерік Машбаев, Қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау кешенінің басшысы: - Бұған дейін полигонды ұстап тұру үшін жергілікті бюджеттен жылына 60 миллион теңге қаржы бөлініп келді. Әкімдіктің шешімімен бұл жер бізге сенімгерлік басқару құқығымен берілді. Соған сәйкес, енді бұл жұмыстарға тек қана өз қаржымызды жұмсап жатырмыз. Мына кешен қағаз, полиэтилен, металл, әйнек және пластик бұйымдарын сұрыптауға мүмкіндік береді. Кейін оны қайта өңдеуге маманданған кәсіпорындарға жібереміз.
Дереккөз: 24.kz
T. Кіршібаев