Оралда тоқ соққан бала көз жұмды

Оралда тоқ соққан 9 жастағы бала көз жұмды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой Город" басылымына сілтеме жасап.

Оқиға 30 сәуірде кешке көпқабатты үйдің маңында болған. Куәгерлердің сөзінше, ойын кезінде баланың добы электр сымына кептеліп қалған, бала оны аламын деп станса шатырына шыққан сәтте тоқ соққан.

Денесінің 95 пайызын күйік шалған бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.

"Дәрігерлер бірнеше сағат күрескенімен, оның өмірін аман сақтап қалу мүмкін болмады. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр", - деп жазылған мәліметте.

Еске салайық, бұған дейін Павлодарда ойын алаңында жүрген баланы тоқ соққаны хабарланды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!