Оралда төбелес шығарған ресейліктер Қазақстаннан шығарылады

Оралда төбелес шығарған ресейліктер Қазақстаннан шығарылады
Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Оралда түнгі клуб маңында төбелескен ресейліктер Қазақстаннан шығарылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бүгін Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты "Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы" заңның 28-бабы бойынша төбелеске қатысушыларды елден шығару туралы шешім қабылдады", - делінген Polisia.kz Telegram-арнасының хабарламасында.

 

Фото: Telegram/Polisia.kz

Айта кетейік, оқиға 30 қыркүйекке қараған түні болған. Полицейлер камералардың көмегімен Оралдағы түнгі клубтардың бірінің маңында ер адамдар төбелескенін байқаған. Құқық қорғау органдары мәліметінше, Ресей азаматтары мас күйде бір-бірімен төбелескен.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова