- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Оралда тергеу изоляторында...
Оралда тергеу изоляторында отырған ер адам қайтыс болды
Фото:
©Тұрар Қазанғапов
Оралда тергеу изоляторында отырған ер адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой Город" басылымына сілтеме жасап.
Бұл туралы БҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі өкілі мәлімдеді. Ер адам камерада қамауда болған.
Ол 63 жаста еді.
"Ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы "Кісі өлтіру" бойынша тергеу изоляторында отырды. Өлімнің алдын-ала себебі - ми тамырларының атеросклерозы", - деп түсіндірді ҚАЖД баспасөз қызметі өкілі.
Еске салайық, бұған дейін Шымкентте 29 жастағы күдікті тергеу изоляторында көз жұмғаны хабарланды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова