- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Оралда тергеу изоляторы...
Оралда тергеу изоляторы қызметкерлері азаптау бойынша күдікке ілінді
Оралда тергеу изоляторының төрт қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қалалық сотқа жіберілді, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД" басылымы.
БҚО прокуратурасының мәліметінше, Оралдағы ҚАЖД РУ-170/1 мекемесінің қызметкерлері сотталғандар мен қамаудағыларға жанжал шығарғаны үшін дене жарақатын салған. Бұл оқиға 2021 жылдың наурызында тіркелген.
"Бұл іс-әрекеттер адам құқықтарын қорғау саласындағы Қазақстан ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына қайшы келеді. Тергеу барысында қылмыстық құқық бұзушылықтың орын алғанын нақтылауға негіз болатын жеткілікті мәліметтер жиналды", - деді прокурорлар.
Күдіктілерге ҚР Қылмыстық кодексінің 146-бабы "Азаптау" бойынша айып тағылды. Екі сотталушыға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы, қалғандарына келу міндеттемесі таңдалды.
Г. Досымшалова