- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алаяқтық
Оралда телефон ұрлап, 6,5 миллион теңге жымқырған күдікті ұсталды
Орал полицейлері жедел-іздестіру шаралары барысында 21 жастағы азаматты ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ол 30 жастағы ер адамның ұялы телефонын ұрлап, оның депозиттік шотынан 6,5 миллион теңге аударып жібергені белгілі болды.
Тергеу барысында жәбірленуші күдіктіні жақын арада ғана танығаны анықталды. Сеніміне кірген күдікті оның ұялы телефонын иемденіп, банктік шотына қол жеткізген.
Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Бұдан бөлек, бір күн бұрын полиция қызметкерлері 35 жастағы әйелді қолға түсірді. Ол алаяқтық жолмен көру қабілеті нашар әйелдің атынан 500 мың теңге несие рәсімдеген. Күдікті көмек көрсету ниетін алға тартып, сенімге ие болған соң, мобильді банкинг қосымшасы арқылы несие рәсімдеп үлгерген.
Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан