Оралда таунхаус саламыз деп халықты алдағандар сотталды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сотта айыпталушылар жәбірленушілермен азаматтық-құқықтық қарым-қатынастың бар екенін алға тартып, кінәсін мойындамады. Алайда сот айыпталушыларды кінәлі деп тауып, 6 және 7 жылға бас бостандығынан айырды.
Осылайша, жалған құрылыс салушылар өз міндеттемелерін орындағысы келмей, азаматтардан ақша алу үшін схемаларды қолданған. Қылмыстық мақсатқа жету үшін олар әлеуметтік желілерде, сондай-ақ әртүрлі интернет-жарнама платформаларында таунхаустар салуды ұсынатын ақпаратты орналастырған.
Кәсіпкерлік қызметтің көрінісін жасай отырып, сотталушыларда жер телімдері жоқ бола тұра тұтынушылардан қаражат алып, кейіннен сенім білдірген азаматтарға құрылыс келісімшартының орындалуына сендірді. Қаражатты алған құрылыс салушылар келісімшартта белгіленген мерзімде тұрғын үй салуға уәде беріп, бірақ іс жүзінде ол ұзақ уақыт бойы орындалмай, жаңылыстыруды жалғастырды. Алайда тұрғын үй құрылысы басталмай, 32 жәбірленушіге 490 888 000 теңге көлемінде шығын келтірілді, ол сот үкімімен жәбірленушілердің пайдасына толық көлемде өндірілді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!