Оралда танымал кәсіпкер қаза тапты

Оралда танымал кәсіпкер қаза тапты
Фото: "Мой город" басылы

Танымал оралдық кәсіпкер Владимир Охватов ағасымен бірге жол апатынан қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап. 

Батыс Қазақстан облысы ІІД мәліметінше, 1 қарашада сағат 08:00-де Достық ауылының маңында Toyota Granvia жүргізушісі рөлді басқара алмай, көлік шұңқырға түсіп кеткен.

"Жол апаты салдарынан 58 жастағы жүргізуші мен 64 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Мәйіттер сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Бұл дерек бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Мән-жай анықталып жатыр", - деді ведомство өкілдері. 

Көлікте танымал кәсіпкер Владимир Охватов ағасымен бірге болғаны белгілі болды. 

Айта кетейік, Владимир Охватовтың 2017 жылғы қазанда "Шале" клубы өртеніп кеткен еді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек