Оралда тағы жол апаты: жеңіл көлік пен мотоциклді соғысып, екі адам қаза тапты

Оралда жеңіл көлік мотоциклді соғысып, салдарынан екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің хабарына қарағанда, 25 шілдеде сағат шамамен 15:04-те Оралдағы Құрманғалиев және Көкшетау көшелерінің қиылысында 1971 жылғы жүргізуші мінген "ВАЗ 2114" автокөлігі және мотоцикл соқтығысты.

Жол апаты салдарынан мотоциклдің 1987 жылы туған жүргізушісі және 1992 жылғы жолаушысы көз жұмды.

Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр, полиция департаменті жол апаты бойынша қосымша хабар беретінін мәлімдеді.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!