- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Оралда су деңгейі...
Оралда су деңгейі көтеріліп, су тасқыны болуы мүмкін
Оралда су деңгейі көтеріліп, су тасқыны болуы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы қалалық әкімдік хабарлады. "Қазсушар" РМК БҚО филиалының мәліметіне сәйкес, жақын күндері Шаған, Деркөл, Жайық өзендерінде су деңгейінің көтерілуі және қауіпті деңгейден асып кетуі мүмкін.
Сондықтан су жайылып, су тасқыны болуы мүмкін. Сондықтан өзен жайылмаларында орналасқан бау-бақша серіктестіктері, ондағы тұрғынжайлар зардап шегуі мүмкін.
Әкімдік өкілдері тұрғындардан су тасқынына дайын болуды, қажетті іс-шараларды қолға алуды, су тасқынына дейін алдын ала қауіпсіз жерге көшуді сұрады.
Су тасқыны қаупі туралы алдын ала хабарланған кезде:
- Радио, теледидар, интернеттегі ақпаратты қадағалаңыз;
- Газ, электр қуатын және суды өшіріңіз;
- Құжаттарды су өткізбейтін пакетке салыңыз;
- Ақшаны, киім, тамақ және дәрі дәрмекті дайындаңыз.
- Бағалы заттар мен жиһаздарды судан қауіпсіз жерлерге орналастырыңыз;
- Үй жануарларын жіптен босатыңыз және оларды қауіпсіз жерге апарыңыз;
Егер су тасқыны болса:
- Дәрі-дәрмек, азық-түлік, су қорын және алғашқы көмек жинағын алыңыз;
- Су тасқыны аймағынан шығыңыз;
- Эвакуация үшін жинау орнына барыңыз;
- Мүмкіндік болса, суда қалған адамдарға шұғыл түрде көмектесіңіз;
Егер эвакуациялау мүмкін болмаса:
- 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалыңыз және орналасқан жеріңіз туралы хабарлаңыз;
- Мүмкіндігінше тезірек жақын маңдағы қауіпсіз биік орынға (жоғарғы қабаттар, шатыр) орналасыңыз;
- Көмек келгенге дейін үйде болыңыз, сигнал беріңіз (күндіз-ақ немесе түрлі-түсті материалмен, түнде-фонарьмен).
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина