Патрульдік полицейлер Орал полиция басқармасы Абай полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, екі студентті қорқытып, 150 мың теңге шағын қарыз рәсімдеуге мәжбүрлеп, ақшаны өз есепшоттарына аударған адамдарды ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жедел-іздестіру нәтижесінде полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен Орал қаласының бұрын сотталған үш тұрғынын қолға түсірді.
Ұрланған ақша тәркіленіп, ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!