Оралда дене шынықтыру сабағында Орал политехникалық колледжінің 3-курс студенті Уәлихан Нұрлыбекұлы қаза тапты. Жігіттің өлімі туралы Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы хабарлады, - деп хабарлайды "Mой ГОРОД".
Қайғылы оқиға 9 қыркүйекте болған. Дене шынықтыру сабағында студент кенет есінен танып құлаған.
"Мұғалім мен медбике алғашқы көмек көрсетті. Жедел медициналық жәрдем бригадасы да студентті реанимациялауға тырысты", - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Қанша тырысқанымен жігіт қайтыс болды. Басқарма студенттің ешқандай соққы мен жарақат алмағанын, белгісіз себеппен құлағанын айтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!