Ақтөбеден Оралға барар жолда, Сырым ауданында 25 жастағы шетел азаматы ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ол Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінің студенті. Сомалиліктің айтуынша, ол Қазақстанда 2019 жылдан бері тұрады. Алматыдағы ЖОО-да бағдарламашы мамандығында оқиды.
Осы уақыт ішінде ол тілді жақсы меңгеріп, салтанатты іс-шараларға қатысып, ақша тауып жүрген.
Оның визасының уақыты біткен, соның негізінде ҚР Көші-қон заңнамасын бұзу фактісі бойынша хаттама жасалды. Материал сотқа жіберілді. Енді шетел азаматы депортациялануы мүмкін.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!