- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Оралда шетел азаматынан...
Оралда шетел азаматынан тұрақты түрде ақша бопсалаған күдікті ұсталды
Фото:
БҚО ПД
Оралда полиция қызметкерлері теріс дін атын жамылған бопсалаушыны ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері БҚО бойынша ҰҚКД-мен өзара іс-қимыл жасай отырып, Орал қаласында шетел азаматынан тұрақты түрде ақша бопсалап, 200 мың теңге беру кезінде діни ағымдардың бірінің жақтаушысын ұстады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды",- делінген хабарламада.
Тергеу жүргізілуде.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Жайыққызы