- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Оралда шағын автобус...
Оралда шағын автобус электрсамокат мінген қыз бен жігітті қағып кетті
Оралда шағын автобус электрсамокат мінген қыз бен жігітті қағып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі мәліметінше, 22 мамырда сағат 16:20 шамасында 1975 жылы туған жүргізуші Газ-А64R45-50 маркалы көлікпен Назарбаев және Хусаинов көшелерінің қиылысында келе жатқан. Ол осы кезде 2002 және 2003 жылғы электрсамокат мінген жаяу жүргіншілерді қағып кеткен.
2002 жылғы жігіт пен 2003 жылғы қыз ауруханаға жеткізілді. Оларды дәрігерлер қарағаннан кейін үйіне жіберген.
Жүргізушінің үстінен Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 600-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан