Орал қаласында мерзімді қызметтегі үш сарбаз бір әйелді зорлағысы келген ер адамды ұстады, - деп хабарлайды "Мой город" №5517 әскери бөлімінің командирі Аян Есжановқа сілтеме жасап. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.
"Сұңқар" әскери бөлімінің командирінің айтуынша, 13 қарашада құрылыс зауытының аймағын күзету барысында сарбаздар көмекке шақырып жатқан әйелдің даусын естіген. Әскерилер оқиға орнына келген сәтте қойма артында ер адамды байқаған, ол әйелді зорлағалы жатқан. "Ұстау кезінде ол қарсылық көрсетпеді. Қылмыс орнына Орал қаласының ІІБ жедел-тергеу тобы шақырылды. Қазіргі уақытта ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді Есжанов.
Оның айтуынша, жәбірленуші әйел 30 жаста. Оның денесінен соққыдан болған жарақаттарға куәландыру алынып, медициналық сараптама жүргізілді. 48 жастағы зорлықшыл ер адамға қатысты "Зорлау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.