- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Оралда пышақ ұстап,...
Оралда пышақ ұстап, ішкиіммен жүгірген жігітті ұстамақ болған ер адам жазалануы мүмкін
Оралда пышақ ұстап, ішкиіммен жүгірген жігітті ұстамақ болған ер адам жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.
31 жастағы Асқар Жаншиев есімді ер адам "Мой город" басылымына жүгінді. 10 шілдеде ол қала орталығында қолына пышақ ұстап, ішкиіммен жүрген ер адамды өз бетінше ұстамақ болған.
"Таңғы сағат 3:00-де Назарбаев даңғылы бойымен келе жатып, "ЗКУ" аялдамасына жақын жерде адамдар қашып бара жатқанын көрдім. Бұған қолына пышақ алып, ішкиіммен жүгірген белгісіз ер адам себеп болған. Ол адамдарды қорқытып айқайлады. Оның орынсыз қылығын байқадым, қолынан пышақты алуды жөн көрдім. Ешкімге зиян тигізбеу үшін мүмкіндігінше тез әрекет еттім. Қос жолақ арқылы бұрылып, көліктен түсіп, оған "пышақты лақтыр, не істеп тұрсың?" деп айқайладым. Ол маған дөрекі сөйлеп жетіп келді. Мен газ спрейін қолдандым, оны әйтеуір тоқтаттым, ол шегіне бастады. Сосын жүгіріп барып көлікке отырдым да оның бағытына қарай жүрдім. Мен оның қай үйде жасырынғанын түсінгенімде, куәгерлер шақырған полиция қызметкерлерін күтіп, оның қайда екенін көрсеттім", - деді ер адам.
Енді Асқар қос жолақты кесіп өтіп, газ баллонын пайдаланғаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін.
"Мен сол сәтте қалай бұрылуым керегін ойламадым. Мүмкіндігінше, пайдалы болуға тырысып, адамдардың өміріне араша түсу үшін бәрін жасадым. Мен Абай бөлімінде таңғы төрт жарымнан алтыға дейін қылмыскер ретінде отырдым. Сондай сәттерде тоқтап, көмектесуім керек пе еді деп ойлайсың", – деді ол.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері осы оқиға бойынша полицияға қоңырау түскенін растады.
"Полиция қызметкерлері 22 жастағы жігітті ұстады. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтың 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылған ер адамның әрекетіне құқықтық баға береді", - деп түсіндірді ведомство өкілдері.
Бұл баптың санкциясында 15 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек