- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Оралда полициядан қашпақ...
Оралда полициядан қашпақ болған жүргізуші жер үйге соғылып мерт болды
Оралда полициядан өзге көлікпен қашқан жолаушы үйдің бағанасына соғылып өлді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға бүгін сағат 5:20 шамасында Орал патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Lexus 570 маркалы автокөлікті тоқтатқан. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Жүргізуші патрульдік автокөлікке барғаннан кейін Lexus автокөлігінің ішінде отырған жолаушысы рөлге отырып, қаша жөнелген. Ол Оралдағы Абай мен Исатай-Махамбет көшелерінің қиылысында жасырынуға тырысып, автокөлікті тізгіндей алмай үйге соғылып, газ құбыры мен екі электр бағанасын бұзды", - делінген хабарламада.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан Lexus маркалы автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында мерт болды.
Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан