Оралда полиция қызметкерлеріне жасалған шабуыл видеоға түсіп қалды

Фото: Видео кадры

Оралда жүргізуші полиция қызметкерлеріне шабуыл жасады. Оқиға видеоға түсіп қалды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полицияның мәліметінше, 6 қазанда полицейлер Toyota Crown Majesta көлігінің жүргізушісін тоқтатқан, ақпарат бойынша ол бір күн бұрын жол апатын жасап, оқиға орнынан қашып кеткен. Құжаттарды тексеру кезінде 22 жастағы жүргізуші мен 16 жастағы жолаушы тәртіп сақшыларына қарсылық көрсеткен. Жүргізуші қашып кетпек болған, ал оларды ұстамақ болған кезде полицияға шабуыл жасаған.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан