- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жол қозғалысы
Оралда полиция жалған нөмірлер мен құжаттары бар көлікті ұстады
Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Орал қаласы Циолковский көшесінде KIA K-5 автокөлігін тоқтатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Көлік құралын тексеру барысында өзге елдің жалған мемлекеттік белгілерімен басқарып жатқаны анықталды. Көліктің арнайы тораптары мен агрегаттары құжаттармен салыстырғанда сәйкес келмеген. Тексеру нәтижелері бойынша автокөліктің жалған мемлекеттік тіркеу белгілері мен құжаттарын қолдана отырып өзгертілгені анықталды.
Автокөлік арнайы мамандандырылған автотұраққа қамалды.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері істің барлық мән-жайларын анықтау және кінәлілерді жауапқа тарту бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан