Оралда полиция қызметкерлері Қостанай облысының тұрғынын есірткі сатумен айналысты деген күдікпен ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Оралда полиция қызметкерлері Қостанай облысының 18 жастағы тұрғынын ұстады.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жас жігіттен ішінде ақ түсті ұнтақ заты бар 37 zip-пакет тәркіленді.
Сондай-ақ күдікті есірткі жасырған жерлерді көрсетіп, нәтижесінде ішінде ақ түсті ұнтақ заты бар 5 zip-пакет тәркіленді.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!