Оралда тәртіп сақшылары ер адамды өлімнен арашалап қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, 5 желтоқсанда түнде Орал қаласы ПБ кезекші бөліміне кішкентай қыз хабарласып, отбасында жанжал болып жатқанын айтып, көмек сұраған.
Оқиға орнына жедел түрде №4 учаскелік полиция пунктінің инспекторы Мирас Исатаев, қалалық ПБ ППБ қызметкері Меделхан Жанарыс, БҚО ПД жедел қызмет ететін арнайы жасақ инспекторы Ғаділбек Нұрмұханов жеткен. Олар үй маңындағы ескі сарайды тінту кезінде асылып тұрған ер адамды байқап, дереу шешіп алып, алғашқы көмек көрсеткен.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!