Оралда полицейлер алтыншы қабаттан секірмек болған әйелді құтқарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға 7 қыркүйекте Оралдағы Самал көшесінде орналасқан 9 қабатты үйлердің бірінде болған. Полицияға алтыншы қабаттың терезесінде белгісіз әйел отырғаны және секірмек ойы бар деген хабарлама түскен. Оқиға орнына патрульдік полицейлер Досым Бисембай, Батыр Альшинов, Дамир Казиханов бірден жетті.
Олар әйелді әңгімеге тартуға тырысқанымен, одан еш нәтиже болмайтынын түсінген. Полиция қызметкерлері 6-қабатқа көтерілген. Қажет пәтерді тапқан соң, қайғылы оқиғаның алдын алу мақсатында есікті бұзуға шешім қабылдайды. Осы кезде көмекке түнгі кезекшілікте қызмет атқарып жүрген "Үкі-8" жасағы келген. Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлерімен есікті жартылай майыстырып ашып, ішке қарай ең бірінші Дамир Қазиханов кіріп, қалған әріптестеріне пәтерге кіруге мүмкіндік жасайды.
Полиция қызметкерлері әйел адамның терезе жақтауында әлі отырғанын көріп, асықпай, байқатпай, тез қимыл жасап, әйел адамды пәтер ішіне кіргізіп алған. Содан кейін жедел-жәрдем қызметкерлерін шақыртып, дәрігерлерге табыстаған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!