Оралда полицей әйелді қағып өлтірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой Город" басылымына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 19 қыркүйекте сағат 6:15-те Пугачев көшесінде болды. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ВАЗ-21703 көлігінің жүргізушісі жолды дұрыс емес жерде кесіп өткен әйелді қағып кеткен.
"Ол алған жарақаттарынан ауруханада қайтыс болды. Жол апаты дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіледі. Көлік арнайы автотұраққа қойылды, жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп жазылған мәліметте.
Айта кетейік, көлік жүргізушісі полиция қызметкері болған. Оқиға болғаннан кейін полиция қызметкері Ішкі істер органдарынан жұмыстан босатылды.
Еске салайық, бұған дейін Өскеменде полицей жаяу жүргіншіні қағып өлтіргені хабарланды. Оқиға 18 қыркүйекте шағын айналма жолда болған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз