Оралда ойын алаңында итті атып кеткен тұрғын іздестіріліп жатыр

Оралда ер адам ойын алаңында жүрген итке оқ атқан. Еріктілердің сөзінше, бұған дейін де мұндай жайттар болған екен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой ГОРОД" сайтына сілтеме жасап.

"Учаскелік полицейге бірнеше рет арызданғанымызбен, нәтиже жоқ. Осы жолы ит өлген жоқ, бірақ құлағы жарақаттанып қалды. Аурухана дәрігерлері бұл кәдімгі оқ екенін айтты. Балалар ол итпен ойнағанды жақсы көретін. Бұған дейін иттің кесірінен зардап шеккен бала жоқ, бірақ адам қолынан өліп қалған иттер бар", - дейді еріктілер.  

Бұл дерек бойынша Орал полициясы сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастап кеткен. 

Кінәлі адам анықталса, 120 АЕК айыппұл, түзеу жұмыстары, 120 сағат қоғамдық жұмыс немесе 30 тәулікке қамауға алынуы мүмкін. 

Қазіргі уақытта полицейлер аталған құқықбұзушылықты жасаған адамды анықтау мақсатында жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!