Оралда өртсөндірушілер 15 баланы эвакуациялады

Оралда өртсөндірушілер 15 баланы эвакуациялады
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Оралда ТЖМ өртсөндірушілері 15 баланы эвакуациялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ТЖМ мәліметінше, С.Тюленина көшесі бойында орналасқан бес қабатты тұрғын үйлердің бірінің жертөлесінде өрт шыққан.

Алғашқы бөлімшелер жеткен кезде өрт 40 шаршы метр алаңды қамтығаны анықталған.

"Өртсөндірушілердің жедел және үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде баспалдақ арқылы 40 адам, соның ішінде 15 бала эвакуацияланды. Өрт толықтай сөндірілді", - деп жазылған хабарламада.

Өрт салдарынан ешкім зардап шекпеген.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget