- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Оралда мұғалім асқан...
Оралда мұғалім асқан жауыздықпен өлтірілген: сотта тың деректер айтылды
Оралда мұғалім Надежда Никитинаның өліміне қатысты сот процесі басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.
Айыпталушы - 41 жастағы Темір Сәрсенов. Ол қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша күдікке ілінген: адам өлтіру, ұрлық және заңсыз қару сақтау.
Сотта айыпталушы мен марқұм әйел 2020 жылдан бері таныс екені анықталды. Надежда Темірге техника жағынан көмектесуін сұрап, танысқан.
Сәрсенов марқұм әйелге компьютерге байланысты көмектесуге келген. Бір сәтте екеуі сөзге келіспей, ер адам мұғалімді қылғындырып, мойын тұсынан пышақтап тастаған.
Артынша айыпталушы қылмыс ізін жасыру үшін мұғалімнің алтын бұйымдарын, сөмкесі, телефоны мен банк карталарын ұрлап кеткен.
Сонымен қатар, Сәрсенов тұратын үйден қару-жарақ пен оқтар табылған.
Айта кетейік, оқиға биыл 25 сәуірде болған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Оралда мұғалім пәтерінен өлі табылған болатын. Әйел адам бастауыш сынып мұғалімі болған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина