Оралда мемлекетаралық іздеуде жүрген күдікті ұсталды

Батыс Қазақстан облысында жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері Оралдан мемлекетаралық іздеуде болған 28 жастағы Ақтау тұрғынын қолға түсірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тергеу барысында ол 2025 жылғы қаңтар-сәуір аралығында 10% табыс болады деп Ақтау тұрғынын алдап, сеніміне кіріп, 58 миллион теңгеден аса қаржысын иемденді деген күдікке ілінген.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал оның ұсталғаны жөнінде бастамашы орган – Маңғыстау облыстық полиция департаментіне хабарланды.

Бұдан бөлек, тергеу мен соттан жасырынған тұлғаларды анықтау бойынша жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстың нәтижесінде жыл басынан бері БҚО полицейлері іздеуде жүрген 54 адамды ұстаған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз