Оралда 14 жастағы мектеп оқушысы бес күннен кейін табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол 2023 жылғы 10 ақпанда, жұма күні сағат 20:00 шамасында Тополинская көшесі, 1 мекенжайындағы үйден белгісіз бағытқа кетіп, оралмаған.
Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі Massaget.kz порталының тілшісіне оқушы қыздың бүгін, 15 ақпанда сағат 18.00 шамасында табылғанын хабарлады.
"Криминалдық полиция қызметкерлері бүгін сағат 18:00 шамасында тапты. Аман-есен. Достарының үйінде болған", - деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске салайық, бір күн бұрын Оралда оқушы қыздың жоғалып кеткені хабарланған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!