Оралда мектеп асханасында нан өнімдерінің арасында тарақан жүрген сурет тарады. Мектеп әкімшілігі бұл дерекке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой ГОРОД" сайтына сілтеме жасап.
Сурет zhaloby_uralsk__official Instagram-парақшасында пайда болды. Сурет авторы оқиға №9 орта мектебінде болғанын айтады. Суретте тарақан нан өнімдерінің арасында жүргенін көруге болады.
Мектеп директоры Майра Есенғазиева басылымға осы жайтқа қатысты пікір білдірді. Оның сөзінше, мектепте жәндіктерге қатысты проблема жоқ, ал дезинсекция жиі жүргізіліп тұрады екен.
"Мен ол суретті көрдім және бұл біздің мектепте болғаны нақты емес. 3-мамырда өзім асханада болдым, тарақан көрген жоқпын, оқушылар тарапынан да ешқандай шағым болмады. Бүгін де барып медбике мен әлеуметтік педагог маманмен келіп, тексеріп кеттім. Мектепті аралап шықтық. Бұған дейін тарақандарға қатысты проблема болған емес, дезинсекцияны жиі жүргізіп тұрамыз. Жақында санитариялық департамент қызметкерлері де тексеріс жүргізіп, ештеңе таппады", - дейді мектеп директоры Майра Есенғазиева.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!