Оралда мас ер адам тұрақта тұрған жеті көлікті қиратып кетті

Оралда мас ер адам тұрақта тұрған жеті көлікті қиратып кетті
Фото: t.me/UNFILTERED_KZ

Оралда мас ер адам тұрақта тұрған жеті көлікті қиратып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

14 мамырда әлеуметтік желіде айғайлап, тұрғын үйдің қасында тұрған көліктердің терезесін сындырып жүрген ер адамның видеосы тарады. БҚО полиция департаментінің мәліметінше, ер адам 7 көлікті зақымдаған.   

"Ер адам токсикоманиялық мас күйінде болған. Ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды", - дейді ведомство өкілдері. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина