Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің негізгі функцияларының бірі - қызмет алушылардың бұзылған құқын қалпына келтіру.
Қызмет алушылардың құқығы көбінесе негізсіз бас тарту жолымен бұзылады. Мысалы, Бәйтерек ауданының жергілікті атқарушы органдарының іс-әрекеттеріне 2 шағым түсті. Оларды қарау барысында жер учаскесіне құқықтар беру мемлекеттік қызметі бойынша жер комиссиясы өтініштерді қарау кезінде кворум сақталмай, жер құқығын беру тәртібі бұзылғаны анықталды. Осылайша, жергілікті атқарушы органдармен жер комиссиясының өткізу тәртібі сақталмай, салдарынан қызмет алушылардың құқықтары бұзылды.
Департаменттің шағымдарды қарау нәтижесінде заңсыз шығарылған жер комиссиясының шешімі жойылып, қайта қарауға жолданды.
Сонымен қатар бір азаматша медициналық ұйымға өзін және баласын тіркей алмай, департаментке жүгінді. Шағымды зерделеу барысында Орал қалалық емханасы азаматшаға негізсіз бас тарту бергені анықталды. Нәтижесінде, қызмет алушыны медициналық ұйымға тіркеп, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға кінәлі тұлға жауапкершілікке тартылды.
Осылайша, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлескен жұмыстың нәтижесінде 16 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді.
Материалды Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті ұсынды
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз