Оралда күйеуінің интим суретін таратқан әйел сотталды

Оралда күйеуінің интим суретін таратқан әйел сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының прокуратура өкілдері мәлімдеді. 

Н. есімді әйел қызғаныштан күйеуінің интим суретін WhatsApp мессенджері арқылы таратқан. Орал прокуратурасының мемлекеттік айыптаушысының табанды ұстанымын ескере отырып, сотталушының кінәсі толық дәлелденді. Орал қалалық сотының үкімімен ол 3 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Сол сияқты, И. есімді ер адам да әйелінің жеке суретін таратқаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкімдер заңды күшіне енді.

"Мәселенің өзектілігін ескере отырып, Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы барлық азамат пен заңды тұлғаларды заңды сақтауға және басқа адамдардың құқықтары мен қадір-қасиетін құрметтеуге шақырады. Жеке деректерді таратқандар 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", - делінген жауапта. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!