Оралда көшеде жарысқан екі автобус жүргізушілері жазаланды

Оралда жарысқан екі автобус жүргізушілері жазаланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі БҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

21 қаңтарда Орал қаласында Жәңгір хан көшесінің бойында қоғамдық көліктердің жол ережесін бұзу бойынша видео тараған болатын.

Осыған байланысты аталған бейнежазбадағы қоғамдық көлік жүргізушісі Орал қаласының ПБ патрульдік полиция батальоны қызметкерлерімен анықталып, оған қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік кодексінің 595 бабы 1 бөлігі, 596 бабы 1 бөлігі, 606 бабы 1 бөлігімен әкімшілік хаттамалар толтырды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина