Оралда көші-қон заңын бұзған Ауғанстанның 11 азаматы ұсталды. Олардың құжаттарын тексеру барысында екеуінің визасының мерзімінен асып кеткені анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Олардың құжаттарын тексеру барысында екеуінің визасының мерзімі асып кеткені анықталды.
Оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ, Ауғанстанның екі азаматы бұрын Қазақстан Республикасы аумағынан күштеп шығарылғаны белгілі болды.
Олар Орал полиция басқармасының қабылдап-тарату орнына орналастырылды. Қазіргі уақытта шетелдік азаматтарға қатысты Батыс Қазақстан облысының аумағында болу себептерін анықтау мақсатында тексеру шаралары жүргізіліп жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!