Оралда көпқабатты үйден өрт шығып, 1 адам құтқарылды

Оралда көпқабатты үйден өрт шығып, 1 адам құтқарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше. көпқабатты үйден шыққан өрттен 1 адам құтқарылып, тағы 5 адам эвакуацияланған.

Оқиға Оралдағы Абай даңғылындағы үйдің 8-қабаттағы пәтерде болған.

Өртсөндірушілер өртеніп жатқан пәтерден 1 адамды құтқарды, көрші пәтерлерден 5 адамды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады.

"Өрт 15 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталып жатыр", - делінен хабарламада. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!