- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Оралда концерт кезінде...
Оралда концерт кезінде жүз бала адасып кеткен
Оралда Қала күніне арналған кешкі гала-концерт кезінде жүз бала жоғалып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.
Бұл туралы басылым Батыс Қазақстан облысының полиция департаментінің деректеріне сілтеме жасап жазды.
Полицейлер балаларды стационарлық пунктіге жеткізген. Басқа мәлімет жария етілмеді.
"Сонымен қатар бұл күні ұсақ бұзақылықтың 19 дерегі тіркеліп, алкогольдік ішімдік ішкен 23 адам ұсталып, 38 адам уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізілді", - деп хабарлады портал.
Сонымен қатар тәртіп сақшылары мас күйінде төрт жүргізушіні ұстаған.
Оралда қала күні 21 қыркүйек, сенбі күні аталып өтті. Тұңғыш Президент алаңында қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік гала-концерт өтті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан