Оралда қолында тапаншаға ұқсас заты бар ер адам клиникада шу шығарған (видео)

Оралда медициналық клиникалардың бірінде тосын жағдай болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мекеме қызметкерінің айтуынша, 9 маусымда жұмыс орнына бұрынғы жігіті келген. Ол жанжал шығарып, балағат сөздер айтып, клиника қызметкерлері мен келушілердің тыныштығын бұзған.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері ер адамды ұстаған.

"Тексеріс барысында жанжал кезінде ер адамның қолында сырт келбеті тапаншаға ұқсас зат болғаны анықталды. Алайда жүргізілген тексеріс нәтижесінде ол ойыншық екені белгілі болып, ешқандай қауіп төндірмейтіні расталды", - деп жазылған хабарламада.

Бұл дерекке қатысты ұсақ бұзақылық бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

Сот іс материалдарын қарау нәтижесінде ер адамды кінәлі деп танып, 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамау жазасын тағайындаған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!