Оралда қолайсыз ауа райына байланысты бірнеше рейс тоқтатылды

Оралда қолайсыз ауа райынан Air Astana әуе компаниясының бірнеше рейсі тоқтатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оралға және одан ұшатын рейстерге қатысты компанияның баспасөз қызметі түсінік берді.

"Ауа райының қолайсыздығынан Орал әуежайының ұшу-қону жолағындағы іліністің төмен коэффициентіне байланысты Air Astana-ның Орал-Франкфурт-Орал және Орал-Астана бағыттары бойынша, сондай-ақ Алматыдан Оралға және қайтар рейстері тоқтатылды", - деп хабарлады компания.

Орындалмаған рейстердің жолаушыларына тамақ беріліп, тегін қайта брондау немесе билетті қайтару ұсынылған.

"Орал-Астана рейсінің жолаушыларына қонақүйге орналастыру, тамақтану және трансфер ұсынылды. Әуекомпания рейстерінің кешігуі және тоқтатылуы қауіпсіздік шараларынан туындағанын ескертеміз. Кідірістер туралы ақпарат алу үшін +7 7272 44 4478 жедел желі арқылы хабарласып, рейстердің мәртебесін әуекомпанияның ресми сайтынан тексеруді сұраймыз", - делінген хабарламада.

FlyArystan әуе компаниясы да ауа райының қолайсыздығынан мына рейстердің тоқталығанын хабарлады:

  • KC7365 Астана-Орал;
  • KС7366 Орал-Астана;
  • KC7165 Алматы-Орал;
  • KС7166 Орал-Алматы.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!