Оралда кәдімгі қоқыстан электр қуаты өндіріле бастайды. Бұл туралы «Хабар 24» арнасының сол өңірдегі тілшісі Талғат Серікқалиұлы хабарлайды. Финляндиядан келген инвесторлар қазір қала іргесіндегі тұрмыстық қалдықтар полигонын зерттеуге кірісті. Қандай да бір қоқыстың құрамында 65-70 пайызға дейін метан газы болатыны дәлелденген.
Сондықтан полигонды электр қуатын өндіретін генераторға айналдыруға мүмкіндік мол. Мәселен, Финляндияда тап осындай қоқыс полигонының үстіне гольф алаңы салынған. Оның астында қоқыс көміліп жатқанын біреу білсе, біреу білмейді. Финляндиялық «Доранова» компаниясының экспорт мәселелері жөніндегі директоры Андрей Авериннің айтуынша, алдымен қоқысты жерге көміп, одан метан газын алынады.
Осы экологиялық отын түрін пайдалану арқылы электр қуаты өндіріледі. Қондырғы алдағы жылдың көктемінде әкелінеді. Ол сағатына 1 МВт электр қуатын шығаратын күшпен жұмыс істейді екен. «Алынған өнімді арзан бағамен мемлекетке сатамыз.
Ол өз кезегінде тарифті төмендетуге оң әсер етеді. Бұл жобаның тағы бір тиімділігі қоқыс тастайтын полигон көмілген соң оның иісі қалаға келмейді. Ал полигонның үстін абаттандырып, халыққа пайдалы нысандар салуға болады»,- дейді шетелдік инвесторлар.
Дереккөз: 24.kz