- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Оралда қоқыс полигонында...
Оралда қоқыс полигонында өрт шықты
Түнде қалада қара түтін шыққан. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, адам төзгісіз иіс түн ортасына таман сезіле бастаған. Асан ауылының маңындағы ірі көлемдегі қалдықтарға арналған полигонда өрт шыққаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі mgorod.kz басылымына сілтеме жасап.
Орал әкімдігі өрт сөндіру қызметіне қоңырау 27 тамызда сағат 18.25-те түскенін хабарлады.
"Ресми болжам бойынша, белгісіз біреулер түсті металл алу үшін кабельдерді өртеп жіберген, өрт "Жайық Таза Қала" ЖШС карьерінің аумағына өтіп, құрғақ шөптер мен бұталарды өртеп, шамамен 1 гектар алаңда орналасқан қоқысқа ауысқан. Елді мекенге қауіп төніп тұрған жоқ", - деді әкімдік баспасөз қызметі өкілдері.
Өрт орнында үш бірлік техника және жеке құрамнан 12 адам, 34 бірлік техника және "Жайық Таза қала" ЖШС-нің 19 қызметкері, ТЖ басқармасының бес бірлік техникасы, өрт сөндіру қызметінің үш бірлік техникасы жұмыс істеп жатыр.
Өрт ауыздықталған жоқ. Өртті сөндіру жалғасып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек