Оралда қоқыс контейнерінен сәби өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
14 тамызда Зачаганск шағынауданы Бірлік көшесіндегі №17 үйдің ауласынан өтіп бара жатқан адамдар жаңа туған нәрестенің денесін тапқан. Полиция бұл жайтты растады.
"Полиция қызметкерлері бұл дерекке қатысты анасын анықтау бойынша жедел іздестіру іс-шараларын жүргізеді. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тексеріс жүргізіледі", - БҚО ПД өкілі.
Еске салайық, бұған дейін Оралда белгісіз біреулер иттерді атып, қоқыс жәшігіне тастағаны хабарланды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова