- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Оралда қоқыс жәшігінен...
Оралда қоқыс жәшігінен пакетке оралған нәресте табылды
Оралда қоқыс жәшігінен пакетке оралған жаңа туған нәресте табылды. Бұл іс бойынша тергеу басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің хабарлауынша, 2023 жылғы 24 сәуірде сағат 11:31 шамасында 102 операторына Надежда көшесіндегі 66-үйдің артындағы қоқыс жәшігінде целлофан пакетке оралған жаңа туған нәресте табылғаны туралы хабарлама түскен.
Оның ер бала екені анықталды, ол қалалық көпсалалы ауруханаға шұғыл түрде жатқызылған.
Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 119-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру бірыңғай тізіліміне тіркелді, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан