Оралда кездесуге келген әйел колонияға ақша кіргізуге тырысқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі mgorod.kz-ке сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, оқиға № 27 мекеменің кездесу бөлмесінде болған. Сотталған адамға ұзақ уақыт кездесуге келген әйелдің сөмкесінен 42 мың теңге табылды. Ұлттық ұланның әскери қызметшілері мекеме қызметкерлерімен бірлесе отырып, бұл әрекеттің алдын алды.
Қазір құқықбұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін ақпарат жиналып жатыр. Ведомство өкілдері тыйым салынған заттарды колония аумағына кіргізу әрекеті үшін 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынатынын еске салды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!