Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті 19 қазанда ҰҚКД-мен бірлесіп, кәсіпкерлерден жүйелі түрде ақша мен қымбат ұялы телефондарды бопсалаумен айналысқан Оралдың төрт тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Шығын 10 миллион теңге болған. Күдіктілер - деструктив діни ағымның жақтаушылары, бұрын бірнеше рет сотталған.
Ұсталғандардың тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізу кезінде суық қару, есірткі, діни материалдар және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабының 2-бөлігі ("Бопсалау") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!