- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Оралда кәсіпкерді саунада...
Оралда кәсіпкерді саунада ұрып өлтіргендер сотталды
Оралда кәсіпкерді ұрып өлтіргендер сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой ГОРОД" сайтына сілтеме жасап.
Оқиға былтыр қарашада болған. 54 жастағы кәсіпкер Сергей Губер түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Арада бірнеше уақыт өтіп, кәсіпкер қайтыс болған.
Күдікке екі адам ілінді. Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, екі күдікті Қылмыстық кодекстің 106-бабы бойынша жауапқа тартылған.
Іс материалдарына сәйкес, қайғылы оқиға болған күні Сергей Губер мен екі ер адам саунада жанжалдасып қалған. Екеуі кәсіпкерді соққыға жығып, салдарынан ер адам мерт болған.
30 шілдеде Оралдағы қалалық сотта қылмыстық іс бойынша үкім шықты. Сот екеуін де кінәлі деп танып, 10 жыл бас бостандығынан айырды.
Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина