9 шілдеде кешке Оралдағы арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының (қарттар үйі) 61 жастағы тұрғыны өз бөлмесінде асулы күйі табылды, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД" басылымы.
"Оған алғашқы көмек көрсетілді, бірақ одан нәтиже болмады. Қызметкерлердің іс-қимыл алгоритміне сәйкес, қызмет тұтынушы қайтыс болған жағдайда тиісті орандар хабардар етіледі", - деді облыстық ПД өкілдері.
Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, қызметкерлерден сұрақ-жауап алынған. Сот-медициналық сараптаманың нәтижелері 11 шілдеде белгілі болады. Осыдан кейін іс бойынша қорытынды шығарылады.
Марқұм қарттар үйінің тұрғыны - екінші топтағы мүгедек. Ер адам 2008 жылдың 8 ақпанында Оралдағы арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына келіп түскен.
"Оған биполярлы аффективті бұзылыс, жыл сайын өршитін аралас психикалық түр, гипоманиак жағдайы, орташа айқын гипопато-гипобуликалық ақау диагнозы қойылған. Биылғы мамыр айында ол облыстық психикалық денсаулық сақтау орталығында ем алды", - деп нақтылады орталықтағылар.
Полиция бұл дерекке сәйкес, ҚР ҚК-нің 105-бабы, яғни "Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу" бойынша тергеу басталғанын хабарлады.