- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Оралда қар суы...
Оралда қар суы үйлердің жертөлелерін басып жатыр
Оралда қар суы арнадан асып, үйлердің жертөлелерін басып жатыр. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр, - деп хабарлайды "Мой город" тілшісі.
"Мой город" редакциясына Мөңкеұлы, 97/4 үйінің тұрғындары жүгінген. Олар Саратов тасжолының бойындағы арнадан асқан еріген су үйлердің жертөлесін басып жатқанын айтты. Тұрғындардың айтуынша, тек жалғыз көпқабатты үйге су жетпеген.
Бұл ықшамаудандағы көптеген үйді су қоршап үлгерген, қазір БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Олар суды сорып алады.
Орал қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Амангелді Ешмұхановтың айтуынша, биыл топырақтың 1,5 метр биіктікте қатты қатуына байланысты еріген су жер бетінде қалған.
"Зачаганск қаласының Саратов тасжолының бойында кәріз жүйесі бар. Канал толы. Қазір біз Анискино көліне еріген суды айдау және өткізу үшін қуатты мотопомпалар орнатып жатырмыз. Арнадан төгілген су көпқабатты үйлерге дейін жетті", - дейді Амангелді Ешмұханов.
Mgorod.kz
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек